БастыСаясатЭкономика

Түркі әлемінің бірлігі күшейе түсуде

Түркі әлеміндегі көп қырлы байланыстар одан әрі нығая түспек. Сенат депутаттары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құруға қатысты Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы Заңды бірауыздан мақұлдады.

Аталған хаттамаға 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқанд қаласында өткен саммит аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған болатын. Бұған дейін Әзербайжан мен Түркия бұл құжатты өз парламенттерінде ратификациялап үлгерген.

Аталмыш ұйымдар бауырлас елдердің мәдени және рухани тұрғыдан жақындасуына зор үлес қосып келеді. Енді қабылданған заң аясында бұл ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеп, түркі әлемінің бірлігін нығайтуға жол ашпақ.

 

Source
Jibek joly TV

TuraNews

Back to top button