Басты

Ұлытау облысында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” өтті

2025 жылғы 26 сәуірде Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды экологиялық шара — “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ұлытау облысының Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Бұл — діндер арасындағы рухани бірлікті табиғатқа қамқорлықпен ұштастырған ерекше бастама болды.

Мақсаты: Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру, жас ұрпаққа табиғатты аялау дәстүрін сіңіру.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова шараға қатысып, жиналған жұртшылыққа өз лебізін білдірді:

«Бүгін отырғызылған әрбір тал — ұрпаққа аманат. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ағашты егу — игі іс, ал оны күтіп, сақтай білу — ортақ жауапкершілік», — деп атап өтті.

Акция барысында ондаған ағаш көшеттері отырғызылып, Жезқазған қаласының жасыл желегіне жаңа тыныс берілді.

Бұл шара — табиғатты аялауға, экологиялық жауапкершілікке және рухани келісімге үндейтін жарқын үлгі болды.

Жасыл келешек үшін бүгіннен әрекет етейік!

TuraNews

Back to top button