БастыҚоғамТуризмЭкономика

KITF 2025: 30-дан астам елдің туристік компаниялары Алматыда бас қосты

Биылғы көрмеге 30-дан астам елден және Қазақстанның түрлі өңірлерінен 500-ден астам компания қатысуда.

23 сәуірде Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында 23-ші Қазақстан халықаралық туризм және саяхат көрмесі (KITF 2025) ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Алматы қаласының Туризм басқармасының басшысы Ғалия Төксеитова және Iteca компаниясының директоры Борис Даниленко қатысты.

Биылғы көрмеге 30-дан астам елден және Қазақстанның түрлі өңірлерінен 500-ден астам компания қатысуда. Олардың қатарында туроператорлар, әуе компаниялары, қонақ үй бизнесі өкілдері мен IT-компаниялар бар. Қазақстан атынан 14 өңір өздерінің туристік өнімдерін – экотуризм, медициналық маршруттар, этнотуризм және оқиғалық туризм форматтарын таныстыруда.

Биылғы көрмеге 30-дан астам елден және Қазақстанның түрлі өңірлерінен 500-ден астам компания қатысуда. Олардың қатарында туроператорлар, әуе компаниялары, қонақ үй бизнесі өкілдері мен IT-компаниялар бар. Көрмеге қатысушы елдер қатарына Әзербайжан, Ұлыбритания, Вьетнам, Үндістан, Қытай, Түркия, Жапония сияқты мемлекеттер және басқа да шет елдер кіреді. Қазақстан атынан 14 өңір өздерінің туристік өнімдерін – экотуризм, медициналық маршруттар, этнотуризм және оқиғалық туризм форматтарын таныстыруда.

25 сәуірге дейін жалғасатын көрмеде қатысушылар мен келушілер үшін туристік бағыттардың таныстырылымдары мен салалық көшбасшылардың қатысуымен стратегиялық пікірталастар ұйымдастырылады.

TuraNews

Back to top button