ШҚО-да әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, облыстық үшжақты комиссия мүшелері, басқарма басшылары, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері, қала және аудан әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
-«Еңбек тәуекелдері картасы» аясында Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда жалақы қарыздарын өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;
-«Өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамыту перспективалары».
Отырыс барысында әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, Сатыбалды Дәулеталин ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапаттады.