Қызылордада «Жастық жалынымыз – сүйікті отанымызға!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форумы өтті
Патриоттық форум Колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форум өтті.
Патриоттық форум Колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды.
Форум аясында «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі ұйымдастырылады. Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді. Бүгін де «Жастық жалынымыз – Сүйікті Отанымызға!» тақырыбында өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда. Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған «Мәншүк маршының» мақсаты – форумға қатысушы Мәншүк ізбасарлары – белсенді, жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру. Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.