Қоғам
ШҚО-да шекара маңындағы ауданда Шыннет ата бұлағы тазартылды
Марқакөл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Шыннет ата бұлағын тазарту бойынша экологиялық шара өтті.
Бұл бастамаға 25 ерікті қолдау көрсетіп, бірнеше сағат ішінде бұлақ маңынан шамамен 1 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.
Жергілікті тұрғындар шараға қатысушыларға алғыс айтып, мұндай акциялардың табиғатты таза ұстаудағы маңызын атап өтті. Тек бұлақты тазарту ғана емес, шараның басты мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту болды.
Марқакөл ауданының әкімдігі экологиялық бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді. Алдағы уақытта мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, өңір табиғатының жағдайын жақсартуға септігін тигізбек.