Спорт

Қаражалының батыры: Константин Голяткин Азия және Океания чемпионы

Бүгін Қаражал қаласында «Азия және Океания Чемпионаты – 2025» халықаралық додасында (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) топ жарған Константин Голяткинді ұлытаулықтар салтанатты түрде қарсы алдық.

Жеңімпаз спортшыны қала әкімі Айқын Елеусізов арнайы құттықтап, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатты табыстады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Ұлытау облысының намысын қорғаған спортшылар чемпионатта жалпы 6 алтын, 3 қола медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.

Константин Голяткинді және өңір намысын абыроймен қорғаған барша спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!

TuraNews

Back to top button