Басты
Жезқазғанда жергілікті бюджетке 212 млн теңге қайтарылды
Ұлытау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы Экология департаментінің ТКШ бөліміне 212 млн теңгеден астам сомаға заңсыз айыппұл салғанын анықтады, деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Айыппұл өткен жылы полигондағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін салынған болатын. Алайда, 2020 жылдан 2024 жылға дейін полигон сенімгерлік басқаруда болған, яғни бұзушылықтар үшін сенімгер басшы жауапты, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Әкімшілік іс жүргізуді сот тоқтатты. 212 млн жергілікті бюджетке қайтарылды, ол қаражат азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталуға тиіс.