
Қырғызстанның Первомай аудандық соты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты қылмыстық топ серкесі Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі бойынша сырттай кінәлі деп таныды, деп жазады ТАСС.
Алайда істің мерзімі өтіп кеткеніне байланысты оған жаза тағайындалмады. Бұл туралы экс-мемлекет басшысының адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.
– Азиз Батукаев ісі бойынша үкім шықты. Алмазбек Атамбаев кінәлі деп танылды, бірақ істің ескіруіне байланысты жаза тағайындалған жоқ, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік.
Сондай-ақ Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалып жатқан топ ұсталды.