Басты
Қарақалпақстанда «Тақ» спектаклінің премьерасы өтті
Қарақалпақ мемлекеттік жас көрермендер театрында көрермен назарына "Тақ" атты жаңа қойылым ұсынылды.

Түркі әлемінің рухын, тарихи мұрасын және адами құндылықтарын терең көркемдікпен ашып көрсеткен бұл спектакль, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Премьераға Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Аманбай Орынбаев бастаған ресми өкілдер мен театр сүйер қауым қатысты.
Спектакль соңында сахна өнерінің жоғары деңгейін көрсеткен театр ұжымы құттықталып, шығармашылық табыстар тіленді. Қарақалпақ сахнасының әлеуетін айшықтаған бұл туынды, өнерсүйер қауымның жүрегінде өзіндік із қалдырды.