Спорт
Ұлытау облысының тұрғындары арқан тартудан республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды
Республикалық турнир 6-7 сәуір күндері Орал қаласында өтті.

Ұлытаулық спортшылар түрлі санаттар бойынша 720 келі салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болып, 200 мың теңге ұтып алды.
Сондай-ақ, спортшылар 100 мың теңге жүлде қоры тігілген 1000 келі салмақ дәрежесінде 3-орынды жеңіп алды.
Балалардың демеушілері жоқ, жарыстарда олар өз есебінен өнер көрсетіп жүр.