
South China Morning Post хабарлауынша, Бейжіңдегі жер сілкіністерін бақылау агенттігінің бас инженері Чжу Хунбинь басшылық еткен ғалымдар тобы 1879 жылдан бергі сейсмикалық деректерді саралай келе, аймақтағы зілзалалардың белгілі бір кезеңділікпен қайталанып тұратынын анықтаған.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта жаңа күшті сілкіністер үшін сейсмикалық алғышарттар қайтадан қалыптасып жатыр.
Мамандар Мьянмада биыл наурыз айында орын алған 7,7 магнитудалы зілзаланы мысалға келтіріп, дәл осындай апаттардың Орталық және Оңтүстік Азияда қайталану қаупі жоғары екенін алға тартты.