
Халықаралық қылмыстық сот құрамынан шығу туралы шешімді премьер-министр кеңсесінің басшысы Гергей Гуляш хабарлады. Шешім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Будапешт қаласына сапары басталған күні оған Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер берілгені ескеріліп жарияланды.
Мажарстан әлі де ХҚС мүшесі болғандықтан ол Израиль көшбасшысын елге кірген кезде ұстауға ресми түрде міндетті. Алайда Виктор Орбан Нетаньяхуға Мажарстанда ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп, алдын ала сендірді. Мажарстан сондай-ақ ЕО аясында атысты тоқтату және Газадағы бейбіт тұрғындарды қорғау туралы бірлескен мәлімдемелерге бірнеше рет тосқауыл қойды.
— Үкімет тоқтату процедурасын конституциялық және халықаралық-құқықтық базаға сәйкес бейсенбі күні бастайды, — деді Г.Гуляш.