Қоғам

Америкада Израилді сынға алғаны үшін түркиялық студент құрықталды

Америка Құрама Штаттарының көші-қон қызметі Тафтс университетінің аспиранты Румейса Өзтүрікті Палестинаны қолдау мақсатында өткен шараларға қатысқаны үшін қамауға алды.

Массачусетс штатындағы Тафтс университетінің аспиранты түрік студенті Румейса Өзтүрікті 26 наурызда үйінің жанында Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) қызметкерлері себебін түсіндірмей ұстады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.

30 жастағы Румейса Өзтүрік сейсенбі күні кешке Сомервиллдегі үйінен шыққан кезде оны тоқтатқан, деп хабарлады адвокат Махса Ханбабай Бостон федералды сотына берген өтінішінде.

Ханбабайдың айтуынша, Өзтүрік уақытта достарымен ауызашарда кездесу үшін үйден шыққан сәтінде ICE агенттері тарапынан ұсталған.

Бостондық БАҚ жариялаған бейнежазбада беттері жабық алты адамның Өзтүріктің телефонын тартып алып, оның айқайлап, қолына кісен салып салып жатқанын көруге болады.

AP

БАҚ мәліметі бойынша, оқиға кезінде ICE агенттері өздерін «Біз — полициямыз» деп таныстырған, алайда Өзтүрік олардан «Неге беттеріңізді жасырасыздар?» деп сұрағанда, жауап ала алмаған.

«Біз оның қайда екенін білмейміз және онымен байланыса алмай отырмыз. Біздің білуімізше, бүгінгі таңда Румейсаға қарсы ешқандай айып тағылған жоқ», — делінген Ханбабайдың мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол Өзтүріктің Америка Құрама Штаттарында оқуға мүмкіндік беретін визасы бар екенін атап өтті.

Өзтүріктің достары ұсталғаннан кейін онымен байланыса алмағандарын, бірақ ол қамауға алынбай тұрып отбасына қоңырау шалуға үлгергенін айтты. Өзтүріктің тағдырына алаңдаған түрік студенттері «Палестиналық демонстрацияларды қолдайтындарды бақылайтын Canary Mission интернет-сайты оның жеке деректерін, сондай-ақ ол туралы өткен жылы жазған мақаласының суретін жариялағанын хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айында Румейса Өзтүрік Тафтс Дейли газетіне мақала жазған төрт студенттің бірі болды. Онда олар университеттің студенттік одақ сенатының қарарларына реакциясын сынады. Қарарларда университеттен «палестиналықтардың геноцидін мойындауды», инвестициялары туралы ақпаратты ашуды және Израильмен тікелей немесе жанама байланысы бар компаниялардан шығуды талап етті.

АҚШ округтік судьясы Индира Талвани үкімет жұма күніне дейін студенттің ұсталу себебін көрсетуі керек деп шешті. Судья сонымен қатар Өзтүріктің 48 сағат бұрын алдын ала хабарламастан Массачусетс шекарасынан шықпауы керектігін бұйырды.

Алайда, сәрсенбі күні кешке АҚШ иммиграция және кеден қызметінің ұсталғандарды іздеудің онлайн жүйесінде оның Луизиана штатының Бейсилл қаласындағы Оңтүстік Луизианадағы ICE өңдеу орталығында екені көрсетілген.

Ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілі Өзтүріктің ұсталғанын және оның визасының жойылғанын растады.

«Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен ICE тергеуі Өзтүріктің американдықтарды өлтіруге құмар шетелдік террористік ұйым ХАМАС-ты қолдау әрекеттеріне қатысқанын көрсетті. Виза – бұл құқық емес, артықшылық. Американдықтарды өлтіретін террористерді дәріптеу және қолдау визаны жоюға негіз болып табылады. Бұл – қарапайым қауіпсіздік», — деп мәлімдеді ведомство өкілі Associated Press-ке.

Румейса Өзтүрікті қолдау демонстрациялары

Сәрсенбі күні кешке Массачусетс штатындағы саябақта жүздеген адам демонстрацияға шықты. Студенттерді қосқанда демонстранттар оны босатуды талап етіп, билікті иммигранттар мен палестиналықтарды қорғамады деп айыптады.

AP

Түрік дипломаттары және олардың мәлімдемелері

Түркияның Вашингтондағы елшілігі Өзтүріктің отбасымен байланыста екенін, жағдайдың дамуын бақылап отырғанын және Мемлекеттік департамент пен ICE-мен ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Түркия елшілігі азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған консулдық және заңдық көмектің барлық түрін көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 

TuraNews

Back to top button