БастыҚоғамЭкономика

Қырғызстан шетелдік төлқұжаттарды шығаруды қолға алды

Қырғызстан Республикасы енді басқа мемлекеттердің төлқұжаттарын дайындауды бастады.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев хабарлады, деп жазады «Кабар» ақпарат агенттігі.

Оның мәлімдеуінше, Қырғыз елі өткен жылдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өз күшімен шығара бастаған.

«Сонымен қатар, біз екі шетелдік мемлекеттің төлқұжаттарын жасауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақылы түрде рәсімдеп келсек, қазір өзге мемлекеттер бізге тапсырыс беруде», — деп атап өтті Тұманбаев.

 

 

TuraNews

Back to top button