Әлем
Газа секторында қаза тапқандар саны 413 адамға жетті
Сейсенбі күні таңертең Израильдің Газа секторының бір бөлігіне жасаған әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 413-ке жетті.

Бұл туралы анклавтағы денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады, деп жазды Синьхуа агенттігі.
Агенттіктің баспасөз мәлімдемесінде Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан тағы кемінде 562 палестиналық жарақат алғаны айтылды.
Зардап шеккен бірнеше адам әлі де үйінді астында жатқаны, қазір оларды шығару жұмыстары жүріп жатқаны атап өтілді.
Еске салайық, Израиль әскерилері сейсенбіге қараған түні Газа секторын атқылады. Израильдің Газаға жасаған шабуылы бір мезгілде және ескертусіз басталып, тұрғын үйлер мен мектептерді қиратты. Әуе шабуылынан қаза тапқандар саны бастапқыда 250 адамнан асты.