ӘлемБасты

Солтүстік Македониядағы өртке қатысты он адам ұсталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт пиротехниканы пайдаланудың салдарынан туындаған.

Соңғы мәліметтер ойынша 59 адам мерт болып, 155 адам зардап шеккен Солтүстік Македониядағы түнгі клубта болған өрт бойынша жүргізілген тексеру барысында полиция 10 адамды ұстады, деп хабарлайды BBC.

Өрт сенбіден жексенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 2:30-да Кочани қаласындағы Pulse клубында болған. Онда жергілікті танымал ДНК тобының концертіне 500-ге жуық адам жиналған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт пиротехниканы пайдаланудың салдарынан туындаған.

Солтүстік Македония Республикасы прокуратурасының өкілі Биляна Арсовска Би-би-си-ге берен сұхбатында клубқа лицензия берген шенеуніктерді қоса алғанда қайғылы жағдайға қатысы болуы мүмкін 10 күдіктіні ұстау туралы қаулы шығарылғанын хабарлады.

Алдында БАҚ өкілдері клуб иесінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Прокуратура өкілі сонымен қатар, клубта бір ғана шығатын жер болғанын, ғимараттың артындағы есіктің құлыпталып тұрғанын, соған қарай оны пайдалану мүмкін болмағанын жеткізді.

Сондай-ақ өрт болған жерге жүргізілген алғашқы тексеру кезінде бірнеше түсініксіз жағдай анықталған.

— Өрт сөндіру және найзағайдан қорғау жүйесінде кемшіліктер болды, — деді прокуратура өкілі Би-би-си Newshour бағдарламасының эфирінде.

Арсовска сонымен қатар сол күні концерт қойған ДНК тобының бір ғана мүшесі аман қалғанын айтты және ол аурухана жатыр. Топтың қалған мүшелері мерт болды.

Еске салайық, жексенбі күні кешке Солтүстік Македонияда түнгі клубта болған өрт салдарынан 51 адам қаза тапты. Кеше, Солтүстік Македонияда 7 күндік қаралы күн жарияланды

TuraNews

Back to top button