ДенсаулықҚоғам

Өзбекстанда жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылды

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Шұғыл медициналық көмек орталығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. 

Бұл оқиғаның 2025 жылдың 13 наурызында Қоқан қаласындағы № 10 отбасылық емханаға қарасты жедел жәрдем көлігінде болғаны хабарланды. Жүргізуші Ғ.А. көлікке ағаш көшеттерін тиеп, жолға шыққаны анықталды, деп жазады Kazinform.

Тексеріс нәтижесінде жүргізуші Ғ.А.-мен жасалған еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар көлік құралдарын тиімді пайдалану шаралары бойынша жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін емхананың бас дәрігері Ф.М.-ға ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды.

 

 

TuraNews

Back to top button