
Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Анкараға жасаған сапары барысында белгілі болды, деп жазады 24.kz.
Түркиялық әріптесі Кемал Мемишоғлымен кездесуде екі ел арасындағы бірлескен жобалар мен болашақ бағыттарды талқылады. Нақтырақ айтқанда, тараптар ауруханалық инфрақұрылымды дамыту мен қазақстандық фармацевтикалық өнімді өндіруге шетелдік инвестицияларды тарту, медициналық білім беру сапасын арттыру және емдеу мен диагностикада озық технологияларды қолдануды қарастырды.
Бұдан бөлек Министр Анкарадағы ең ірі аурухана жұмысымен танысты. Түркияның ғылыми-зерттеу институты TÜSEB-ке барып, фармацевтика мен медицина саласындағы бірлескен зерттеулерді және кадр алмасуды талқылады.
Сапардың қорытындысы бойынша екі ел арасында өзара іс-қимыл туралы жаңа келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.