Спорт
Өзбекстан құрамасы Хусанов пен Шомуродовқа қатысты шешім қабылдады
Өзбекстан футбол қауымдастығы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тимур Кападзенің командасы 17 наурызда оқу-жаттығу жиынын бастайды. Іріктеу аясында 20 наурызда Ташкентте Қырғызстан құрамасымен кездессе, 25 наурызда сырт алаңда Иранмен ойнайды, деп жазады BasSport.kz.
Бас бапкер шетелдік жоғары деңгейде ойнап жүрген үздік легионерлерді құрамға шақырды. Олардың қатарында Англияның «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов, Италияның «Рома» командасының шабуылшысы Элдор Шомуродов және Ресейдің ЦСКА клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев бар.
Құрамаға шақырылған ойыншылардың толық тізімі төменде ұсынылған.