БастыҚоғамСаясатЭкономика

Түркияда заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға жаза күшейтілді

Түркияда жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерге қатысты жазалар күшейтілді. Ел парламентіне ұсынылған жаңа заң жобасына сәйкес, бұл әрекетке барғандар жүргізуші куәлігінен айырылады.

Заңсыз тасымалдаумен айналысқандар бірінші рет 6 айға, ал бір жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл мерзім ішінде оларға жаңа немесе уақытша жүргізуші куәлігін алуға тыйым салынады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шаралардың заңсыз тасымалдаудың экономика мен қауіпсіздікке тигізетін зиянын азайту үшін қабылдануда. Өйткені, заңсыз такси жүргізушілері ресми компанияларға зиян келтіріп, жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Бұған дейін тәртіп бұзушыларға тек айыппұл салынып, көліктерін 60 күнге дейін пайдалануға тыйым салынған болатын. Алайда, мұндай шаралар жеке тасымалдаушыларға айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Түркия билігі бұл шаралар жолаушы тасымалы нарығын тазартып, жол қауіпсіздігін жақсартады деп сенеді.

 

TuraNews

Back to top button