
Сапар аясында Парижде жоғары деңгейдегі келіссөздер мен іс-шаралар, сондай-ақ Францияның ресми және іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған, деп жазады ӨзА.
Алдағы келіссөздер күн тәртібінде Өзбекстан-Франция арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері қарастырылады.
Сауда-экономикалық және инвестициялық-қаржылық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Францияның жетекші компаниялары мен кәсіпорындарымен бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылады.
Саммит қорытындысы бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер пакетін қабылдау көзделген.
Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле ханыммен кездесіп, ұйымның Бас конференциясының 43-сессиясын 2024 жылдың күзінде Самарқанд қаласында өткізуге дайындық мәселелерін талқылайды.
Сапар қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Атап айтқанда, 1 наурыз күні Гретц-Арменвиль қаласындағы «Ураноскоп» обсерваториясы аумағында ұлы ғалым Әбу Райхан әл-Бирунидің бейнесі бейнеленген ескерткіш ашылды.
Осы күндері, Парижде денсаулық сақтау, ғылым және білім, мәдениет, туризм және бизнес салаларында форумдар мен конференциялар өткізіліп жатыр. Тулуза, Лион және Ницца қалаларында іскерлік шаралар ұйымдастырылады.