БастыСаясат

Президенттің Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында: 4 еңбек ардагері; 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері; 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері; 6 кәсіпорын басшысы; 3 қоғамдық ұйым өкілі; 7 мемлекеттік қызметкер; 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін наградталсын:

Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы

Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі

Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы

Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі

Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;

«Парасат» орденімен

Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты

Құспан Айгүл Сайфоллақызы  – Парламент Мәжілісінің депутаты

Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК

әншісі-әртісі;

«Құрмет» орденімен

Абиева Раиса Леонидовна – «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы

Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы

Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы

Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері

Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы

Әзімқұлова Әділет  Срадинқызы  – еңбек ардагері, Түркістан облысы

Гияги Роза Римовна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы

Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы –  «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы

Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы

Земляная Людмила Дмитриевна – «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы

Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы

Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы

Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі

Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры

Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы

Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы

Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы  –  «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы

Үмбеталина Марал Әбдірашқызы  – «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы

Хамитова Алмагүл Мәжитқызы –  «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы

Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы  – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі

Мадимарова Анар Серікбайқызы – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы

Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы

Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы –  «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы

Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы

Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері

Бәкірова Қарлығаш  Тастанбекқызы – «№ 13 қалалық емхана» МКК дәрігері, Астана қаласы

Жамалиева Әлима Аманжолқызы  –  Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі

Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы  – «Кажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы

Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары

Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы

Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы

Русинова Ольга Владимировна – «Қазтелерадио» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы

Сарымсақова Айна Абылайқызы –  Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы

Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы  – «Almaty turmystyq tehnika zavody» ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы

Табергенова Айгүл Олжабайқызы – «Дара» қайырымдылық қоры «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі, Астана қаласы

Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бас директорының орынбасары

Шек Наталья Анатольевна  – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;

«Шапағат» медалімен

Әлімбаева Динара Төлегенқызы – «Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аға мейіргері

Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы

Васина Светлана Станиславовна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – «New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі» ЖШС басшысы, Алматы қаласы

Михеева Елена Валериевна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы

Орынбаева Алтынай Романқызы – «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ бөлім бастығы

Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілсін

Аханова Бақытжан Омарғалиқызы –   Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры;

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

Үкібасова Талшын Мұқадесқызы  – «University medical centre» корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы берілсін

Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы берілсін

Ерманова Майра Жұратбекқызы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «Жезқазғантүстімет» ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

TuraNews

Back to top button