БастыҚоғам

8 наурызда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қар жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 7, 8 және 9 наурызына еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райының егжей-тегжейлі болжамын жариялады.

Метеорологтардың болжамынша, Астана, Алматы және Шымкентте қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды TuraNews.kz сайта  Zakon.kz-ке сілтеме беріп.

Астана қаласының ауа райы болжамы

7 наурыз: құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Түнде желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -1-3°С.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -5-7°С.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

7 наурыз: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке тұман түсіп, жолдар көктайғақ. Күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +5+7°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдар көктайғақ. Кейде тұман. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +5+7°C.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +5+7°C.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

7 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашын, күндіз өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3+5°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +8+10°С.

TuraNews

Back to top button