
Euronews-тің хабардауынша, түнгі үндеуінен кейін Зеленский X сайтында оның аппарат басшысы Андрей Ермактың АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолцпен телефон арқылы сөйлескенін және нәтижелер келесі аптада белгілі болуы мүмкін екенін жазды.
Ермак телефон арқылы сөйлескенін бөлек жазбада растады. Ол «Уолцпен әділ және тұрақты бейбітшілік жолындағы келесі қадамдарды талқылағанын» жазып, АҚШ пен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы «позицияларды сәйкестендіру» туралы пікір алмасқанын қосып өтті.
Зеленский сондай-ақ сәрсенбіде бейсенбі күні Брюссельде өтетін ЕО саммиті қарсаңында «көп халықаралық жұмыс» атқарылғанын атап өтті. Ол Нидерланд, Португалия, Словения және Германия басшыларымен сөйлесіп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Бұл АҚШ Украинамен барлау жөнінде ақпарат алмасуды тоқтатқаннан кейін болды.
— Біз бір қадам артқа шегініп, үзіліс жасадық және осы қарым-қатынастың барлық аспектісін қайта қарастырып жатырмыз, — деді сәрсенбіде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц.
Бірақ Трамп әкімшілігінің шенеуніктері Вашингтон мен Киев арасындағы оң келіссөздер тоқтата тұрудың қысқа мерзімді болатынын білдіреді деп баса айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізуге шақырып, дипломатия қажет екенін айтты. Ал Трамп пен Зеленский өткен аптада не туралы сөйлескенін осы материалдан оқи аласыз. Сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге күш салу туралы хат алғанын мәлімдеді.