Әлем
Ресейде жойқын жер сілкінісі болды
Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы мәлімдеді.

Камчатканың шығыс жағалауында (Ресей) магнитудасы 5,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, дүмпудің эпицентрі Никольское ауылынан шығысқа қарай 95 км жерде болған.
Жер сілкінісінің ошағы 64 км тереңдікте жатты.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ және цунами қаупі жарияланған жоқ.