
Тәжікстанның Көлік министрі Азим Иброхим мен аталған компанияның өкілі Ли Минкун арасында өткен кездесуде тиісті келісімге қол қойылды.
Ведомствоның мәліметінше, салынатын автокөлік көпірінің ұзындығы байланыстыратын жолдарды қоса алғанда 1500 метрге жетеді.
Келісімге сәйкес, көпір халықаралық стандартқа сай салынады. Оның құрылысына 4 жыл уақыт кетеді. Жобаға 59,8 млн доллар қаражат бағыттау жоспарланған.