
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.