Қоғам

«Ауыл аманаты» – ауыл кәсіпкерлігінің жаңа мүмкіндіктері

«Ауыл аманаты» аясында ауыл шаруашылық саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

ШҚО, Алтай ауданы, Малеевск ауылында туризмді дамыту мақсатында 2024 жылы ауыл тұрғыны Александр Катаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие рәсімдеп, ауылда монша мен демалушыларға арналған орын ашты. Қазіргі таңда екі қонақ үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

«Бұл бағдарлама бізге үлкен мүмкіндік берді. Несие шарттары өте ыңғайлы, пайызы төмен. Бұл ауылда бизнес бастаймын дегендер үшін керемет қолдау. Мен өз ауылымның туризм саласының дамуына үлес қоса отырып, кәсіп бастаудамын» – дейді Александр Катаев.

«AMANAT» партиясының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламасы. Бұл бастама шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын қолдауға зор мүмкіндік береді. Жеңілдетілген несие ауыл кәсіпкерлеріне өз ісін ашуға және дамытуға нақты қолдау болуда.

«Ауыл аманаты» аясында ауыл шаруашылық саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ауданымыз бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу сияқты жобаларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5%-бен 133 млн теңге көлемінде 9 адам несие алып, кәсіп бастауда,» – деп атап өтті «АMANAT» партиясының Алтай аудандық филиалының төрағасы Данияр Ахметов.

TuraNews

Back to top button