БастыСаясат

Өзбекстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды

Өзбекстан 2035-2036 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды.

Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Өзбекстанның аталған ұйымдағы тұрақты өкілі Улугбек Лапасов елде атқарылып жатқан реформаларды баяндады. 

Ол ресми Ташкент өңірлік ынтымақтастықты нығайту мен Ауғанстанның экономикалық ілерілеуіне қолдау көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, Улугбек Лапасов көршілес ел заңсыз есірткі айналымы, терроризм мен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы әрекет ету үшін БҰҰ-мен бірлескен жұмыс атқаруға мүдделі екенін жеткізді.

Баяндама соңында ол Өзбекстан 2035-2036 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынғанын мәлім етті.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button