
РИА Новости ақпаратынша, ол жақын туысын өлтіруге оқталғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған, деп жазады Zakon.kz.
Түркияның отбасы істері министрлігі атынан баланы қорғаған заңгерлер Екатерина үшін максималды жазаны талап етті. Олардың пікірінше, ол мүгедектерге арналған дәретханаға әдейі кіріп, баланы тастап кетуді жоспарлаған. Ал, айыпталушы жаман ойы болмағанын, тек сол дәретхана ең жақын болғанын алға тартты.
Қыздың анасы болса өзі де, қызы да жүктілік жайлы білмедік дегеннен танбады. Енді ол Ресейге әуежай дәретханасына қалдырып кеткен немересімен бірге оралғысы келеді. Дегенмен, баланың тағдыры туралы мәселе бөлек шешіледі.
Еске салсақ, Екатерина 13 қазанда босанды. Ресейге ұшқан күні оның іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген.