Қоғам

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

2024 жылдың сәуір айында басталған Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасында Алматы облысындағы барлық 368 елді-мекен қамтылып, 735 мыңнан астам халық, 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым, 400 саяжай тұрғындары қатысты.

«Бағдарлама барысында 26 мың тонна қоқыс жиналып, 8 мың гектардан астам аумақ тазартылды. 68 000 ағаш отырғызылды. 2 мыңнан астам әлеуметтік нысан, 413 су нысаны абаттандырылды. 850-ден астам ескерткіштер, мұражайлар мен мемориалдар күл-қоқыстан тазартылды. Мамандандырылған техниканың 2325 бірлігі жұмылдырылды», -деді Алматы облысы экология департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Молдахметов.

Баспасөз мәслихаты барысында өткен жылы экологиялық талаптардың бұзылуына қатысты тың деректер айтылды.

ҚР экологиялық кодексі 324-баптың 1-бөлігіне сәйкес, жалпы сомасы 915 080 теңгеге 33 айыппұл салынды. Сонымен қатар, экологиялық талаптардың бұзылуы бойынша 344-бапқа сәйкес, 83 айыппұл жазылып, айып мөлшері 17 093 960 теңгеге жетті»,-деді Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ксения Иванова.

Айта кетейік, 344-бап бойынша 51 заңды, 11 жеке , 21 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

TuraNews

Back to top button