
ҚР Үкіметінің 20.02.2025 жылғы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметшілерді шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында міндетті әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысы қабылданды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Құжатқа сәйкес, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға жауапты. Келесі жылдың көктем және күз мезгілдерінде 18 бен 27 жас аралығындағы, әскери қызметтен босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ 42 098 ер азамат әскерге шақырылады.
Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктер шақыру пункттерін Қазақстан заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы 40 202 азамат әскер қатарына қосылған болатын.