Қоғам

Түркияда 55 жастағы азамат таудағы үңгірді өзінің тұрақты мекеніне айналдырды

Хатай қаласындағы жойқын жер сілкінісінен баспанасынан айырылған 55 жастағы Әли Бозоғлан, екі жылдан бері тау бөктеріндегі үңгірді өзінің үйіне айналдырды.

Habertürk басылымының мәліметінше, Хатай қаласындағы жойқын жер сілкінісінен баспанасынан айырылған Әли Бозоғлан екі жылдан бері үңгірде өмір сүріп келеді..

Өз сөзінде Бозоғлан, үңгірде жан тыныштығына қол жеткізгенін және мұнда өзін жайлы сезінетінін айтты.

«Мұндай өмір салтын әркім қабылдай алмайды, бірақ мен өзгелерге ұқсамайтын адам болғандықтан, мұнда бейімделе алдым», — деді ол.

©haberturk.com

Ол өзі тұратын аудандағы әкімшілік оған уақытша баспана ретінде контейнер ұсынғанын, алайда ол үңгірдегі тыныштықтың орнын еш нәрсе баса алмайтынын айтып, ұсыныстан бас тартқанын жеткізді.

«Дефне аудандық әкімшілігі маған кез келген жерден үй беруге дайын екенін айтты, бірақ мен үңгірді таңдадым. Мен кір жуамын, тазалаймын, тамақ дайындаймын. Үңгірмен байланысты жағымды естеліктерім бар. Мен адамдардан алшақтап, табиғатпен біте қайнасып өмір сүріп келе жатырмын», – деді Түркия тұрғыны.

Оның айтуынша, электр қуатымен байланысты қиындықтар бар.

Әли Бозоғланның жұбайы мен үш баласы бөлек тұрады. Олар мемлекеттен көмек алған.

TuraNews

Back to top button