
Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, қаңтарда елдің сыртқы сауда айналымы $4,5 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 7,1%-ға өсті.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 994 млн доллардан (жалпы көлемнің 22,1%) асты.
Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 17,7% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 799,1 млн доллар болды.
Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 313,5 млн доллар (6,5%). Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 млн долларға көп.
Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 72,9 млн доллардың тауарын экспорттап, 240,6 млн доллардан астам сомаға тауар импорттаған.
Еске салайық, былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд доллардан асты. Осы орайда ресми Астана мен Ташкент өзара алыс-беріс көлемін 10 млрд долларға жеткізуге мүдделі.