ӘлемБастыСаясат

Трамп Зеленскийді сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина лидері Владимир Зеленскийге қатысты сөздерін күшейтіп, оны рейтингі төмен екенін және елде сайлаудың өтпегені үшін екінші рет айыптады.

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атап, елді құтқару үшін тез арада бітімгершілік келісімін жасауды талап етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Трамп бір күн бұрын бұл туралы Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында тілшілерге айтқан еді, ал сәрсенбі күні таңертең ол Truth Social сайтында жазба қалдырды.

Америка президенті жазбасының басында «Қарапайым жетістіктерге қол жеткізген комедияшы» Зеленский жеңуі мүмкін емес және ешқашан басталмауы керек соғыспен күресу үшін АҚШ-ты 350 млрд доллар жұмсауға сендіргенін жазды.

Трамптың сөзінше, Құрама Штаттар Еуропадан 200 млрд доллар көп жұмсады және бұл ретте Еуропаның ақшасына «кепілдік берілген» болса, ал АҚШ оның орнына ештеңе алмайды. Зеленский болса, «біз оған жіберген ақшаның жартысы жоғалып кеткенін» мойындады, — дейді Трамп.

АҚШ президенті Украина басшысын «сайлауды өткізуден бас тартты» деп айыптап, Украинадағы сауалнамаларда Зеленскийдің рейтингі өте төмен екенін және «ол жақсы болған жалғыз нәрсе» — Джо Байденге айла-шарғы жасағанын («ол Байденмен скрипка сияқты ойнады») айтты.

— Сайлаусыз диктатор Зеленский тез әрекет етуі керек, әйтпесе ол елсіз қалады. Осы арада біз Ресеймен соғысты тоқтату туралы келіссөздерді сәтті жүргізіп жатырмыз, өйткені мұны тек Трамп пен оның әкімшілігі жасай алатынын бәрі мойындайды, — деп түйіндеді Трамп.

Трамп бір күн бұрын атап өткендей, Украинада әскери жағдай күшінде. Украина заңнамасы әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салады.

Зеленскийдің мәліметінше, «Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 320 млрд доллар «тұрған», оның 200 миллиардын АҚШ пен ЕО төлеген».

— АҚШ бүгінде бізге жалпы алғанда шамамен 60 млрд берді, ал біз тағы 31,5 млрд алдық, — деді Украина президенті сәрсенбіде.

Германия канцлері Олаф Шольц «сайлаусыз диктатор» деген сөзді сынады, деп жазды Spiegel.

— Президент Зеленскийге демократиялық легитимділіктен бас тартқызу дұрыс емес және қауіпті, — деп мәлімдеді Шольц.

 

 

TuraNews

Back to top button