БастыТуризм

Қазақстандық жолаушылар ұшақтағы төбелес үшін 120 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін

Анталья – Астана бағытындағы рейсте жолаушылар арасындағы жанжал ұшақтың шұғыл қонуына себеп болды.

Pegasus Airlines әуе компаниясының Антальядан Астанаға бағыт алған рейсінде жолаушылар арасында жанжал туындап, ұшақ Түркияның Ерзурум қаласына төтенше түрде қонуға мәжбүр болды.

Оқиға Украинадан келген ерлі-зайыптылар мен екі қазақстандық жолаушы арасындағы түсінбестіктен басталған. Келіспеушілік төбелеске ұласқаннан кейін экипаж жағдайды бақылауға алу мақсатында шұғыл түрде қону туралы шешім қабылдады.

«Анталья – Астана бағыты бойынша Pegasus Airlines рейсінде Украинадан келген жұп пен екі ресейшіл қазақстандық жолаушы арасында жанжал туындап, ұшақ Ерзурумға мәжбүрлі түрде қонды. Барлық төрт жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, кейіннен полицияға тапсырылды», – деп хабарлады @clashreport.

Түркияның жергілікті БАҚ-тарының хабарлауынша, Pegasus Airlines жанжалға қатысушылардан ұшақтың шұғыл қонуы мен жанармай құю шығындарын өтеуді талап етуде. Алдын ала есептеулер бойынша, бұл сома 120 мың АҚШ долларын құрайды.

 

TuraNews

Back to top button