БастыСаясат

Өзбекстанда Президент әкімшілігінің экс-қызметкеріне қастандық жасағандар сотталды

Өзбекстан Президенті әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Комил Алламжоновқа жасалған қастандыққа қатысы бар деп айыпталған 10 адамға сот үкімі шықты.

Қылмыстық іс Әскери сотта қаралды. Үкімге сәйкес, 3 айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір азамат 18 жылға темір торға қамалса, Ташкент қалалық Ішкі істер басқармасы басшының бұрынғы орынбасары Дониер Ташходжаев 7 жылға сотталды.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қалған 5 азаматқа кінәсіне байланысты түрлі бас бостандығынан айыру мерзімдері белгіленді.

— Кейінгі 5 айда бастан өткерген оқиғалар маған және менің отбасыма ғана аян. Шындық шектеудің шырмауынан шығып, ақырында ақиқат анықталды, — деп іске қатысты пікір білдірді Комил Алламжонов өзінің Telegram арнасында.

Еске салайық, былтыр қазанда белгісіз біреулер Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Комил Алламжонов отырған көлікке оқ атып, қастандық жасаған болатын.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button