![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/image-780x470.jpg)
ТАСС жазғандай, екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлескені туралы брифингте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
Бұл Ресей мен АҚШ басшыларының соңғы үш жылдағы алғашқы сұхбаты болды. Ресей президенті Трамптың алдындағы Джо Байденмен соңғы рет дәл осы күні – 2022 жылдың 12 ақпанында сөйлескен.
— Президент Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп жақында телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшыларының әңгімесі ұзаққа — 1,5 сағатқа созылды, — деді Песков.
Трамп соңғы апталарда Ресей президентімен сөйлесу жоспарын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
АҚШ басшысы Украинадағы қақтығысқа үлкен мән беріп, оны тоқтатуға көмектесуге ниет білдірді.