ТҮРКСОЙ және Тоқат әкімдігі түркі мәдениетін дәріптеуде
Түркияның Тоқат қаласында ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен түркі мәдениетінің садақ ату өнеріне арналған халықаралық семинар өтті
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/75546645-1141-4afd-b22a-4b348adbb146-780x470.jpg)
2025 жылдың 7 ақпанында Токат Йагыбасан медресесінің «Түрік, ислам және ғылым» музейінде жергілікті аудандық әкімдіктіктің ұйымдастыруымен «Өтүкеннен бүгінгі күнге дейінгі алтын садақ пен үш күміс жебенің тарихы» атты халықаралық ақпараттық семинары өтті.
Жиынға ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раевтың орнына Әзербайжан өкілі Эльчин Гафарлы, аудан әкімі Мехмет Кемал Языжыоғлу және ғалымдар қатысты. Ашылу сөзінде Гафарлы ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізіп, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының құрылу мақсаты мен қызметі туралы ақпарат берді. Гафарлы садақ ату өнерінің түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі екеніне тоқталып, ортақ мәдениетімізді насихаттауға ТҮРКОЙ ретінде үлкен мән беретіндерін жеткізді. Сондай-ақ жобаның жүзеге асуына атсалысқан барлық мекеме, ұйымдар мен жеке тұлғаларға алғысын білдіріп, семинардың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Семинардың негізгі баяндамашысы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдени мұра және мәдени іс-шаралар бас басқармасының Материалдық емес мәдени мұра қызметкері Мехмет Кошкунер болды. Кошкунер қатысушыларға «Алтын садақ пен үш күміс жебенің өткенінен бүгінгі күнге дейінгі тарихы» халықаралық жобасы туралы толық ақпарат берді.
Одан кейін Сивас Джумхуриет университеті бас хатшысының орынбасары Өндер Күршат Сарытепе мен Токат қалалық кеңесінің төрағасы Селим Чакар сөз сөйлеп, жобаның екінші кезеңі Қазақстанның Атырау қаласында 17-23 сәуір аралығында өтетінін және түркі елдері мен басқа елдерден қатысушылардың қатысатынын хабарлады.
Кездесу соңында ТҮРКСОЙ-дың Әзербайжан елінің өкілі Эльчин Гафарлы Бас хатшы Сұлтан Раевтың Токат басшысы Мехмет Кемал Языжыоғлуға жолдаған сыйлығын табыс етті.
Гафарлы сапары барысында Токаттың музейлері мен тарихи жерлерін аралау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі Токат провинциясының Мәдениет және туризм директоры Әбди Дөлектің кабинетінде болып, ТҮРКСОЙ тарапынан Әзербайжан тілінде жарық көрген «Мехмет Акиф Эрсойдың таңдаулы өлеңдері» кітабын сыйға тартты.