БастыСпорт

Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті.

Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

TuraNews

Back to top button