Спорт

Рыбакинаның бапкерін жұмысынан шеттету туралы жаңа мәліметтер шықты

Ұлыбританиялық The Athletic басылымы Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері, хорватиялық Стефано Вуковқа қатысты тексеру қорытындыларын жария етті. 

Басылым мәліметіне қарағанда, Вуковтың шеттетілуі бір жылға созылады.

Хорватиялық маманның Рыбакинаға психикалық және күш көрсету қысымын жасағаны айтылды. Бұл теннисшінің үнемі ауырып қалуына да себеп болған.

Вуков қазақстандық спортшыны «мисыз» деп атап, «Егер өзі болмаса, Елена Ресейде картоп жинап жүрер еді» деп кемсіткен. Бұдан бөлек, Australian Open чемпионаты кезінде Вуков пен Рыбакинаның Мельбурнда бір бөлмеде тұрғаны хабарланған.

2024 жылы Рыбакинаның Вуковпен қош айтысқаны белгілі болды. Содан кейін Стефано әдеп кодексін бұзғаны үшін WTA жұмысынан шеттетілді. Елена WTA қорытынды турниріне дейін бапкерсіз қалды. Кейін оны Горан Иванишевич жаттықтырды. Алайда 2025 жылы қаңтарда теннисші Вуковты командасына қайта қосты. Ал сол айда Иванишевичпен қарым-қатынас тоқтатылды.

Қазіргі кезде Елена Рыбакинаны италиялық маман Давиде Сангвинетти баптап жүр.

Бүгін Доха (Қатар) WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 46-ракеткасы, словакиялық Ребекка Шрамковамен кортқа шығады. Р.Шрамкова екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны 3:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, жарыс жолынан тайдырды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button