Мәдениет

Думан Рамазан «Түркі әлемінің ең үздік драматургі» атағына ие болды

Түркияның мәдени астанасы Ыстанбұл қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркия театрлар қауымдастығы және «Театр» газетінің ұйымдастыруымен түркі елдерінің театр қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Алқалы жиынға Түркияның белді де белгілі театр саң­­лақтары мен дүние­нің төрт бұ­ры­шынан құрметті қонақ­тар қа­тысты, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Театр өнеріндегі әр ата­лым бойынша жеңімпаздар анық­талып, жүлделер тапсырылды. Ха­лық­аралық мәртебелі байқаудың қа­зы­лар шешімімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Думан Рамазанға «Түркі әлемінің ең үздік драматургі» атағы берілді. Марапатты салтанатты жиында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев пен «Театр» еларалық басылымының бас редакторы Нұрхан Услу тапсырды.

«Думан Рамазанның драмаларымен бұрыннан таныспын. Драманың қыр-сырын жетік білетін, ой-орамын тереңдеткен мықты драматург. Тарихи тақырыпта да, қазіргі заман туралы да әбден зерттеп-біліп жазады. Оның соңғы жылдары ұлттық сахнада жа­саған тарихи полотнолары бүгінгі театрдың биігіне сайма-сай. «Керей — Жәнібек», «Абылай ханның арманы», «Жошы хан» және басқа да тарихи драмаларында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген тарихи көзқарасты қапысыз бейнелеген. Қалеки сахнасында қойылған «Жошы хан» тарихи драмасы қазақ мәдениетіндегі жаңа кезеңнің басталғанын паш етеді», деді Сұлтан Раев.

TuraNews

Back to top button