БастыҚоғамМәдениет

Түркі елдерінің жастарын біріктіретін ортақ платформа құрылады

Түркі әлемінің мәдениетін, мұрасын, тарихын толыққанды оқу, зерттеу мақсатында Түркі мемлекеттерінің Ұлттық университеттері қабырғасында Түркі мұрасы орталықтарын ашылады.

Бұл туралы Астанада өткен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің II отырысында Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Қор өз қызметі аясында жастармен жұмыс істеуге аса мән береді. Бұл тұрғыда, жас буын өкілдерін Түркі әлемінің мәдениетін, мұрасын, тарихын толыққанды оқу, зерттеу мақсатында Түркі мемлекеттерінің Ұлттық университеттері қабырғасында Түркі мұрасы орталықтарын ашуды көздеп отырмыз», – деді ұйым басшысы.

Сондай-ақ, қор президенті биыл мұндай орталықтар үш елдегі ұлттық университеттер қабырғасында ашылатынын, алдағы жылдары олардың қатарын арттыру жоспарда барын атап өтті.

«2025 жылы мұндай Орталықтарды Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет жанынан, Бішкек қаласында орналасқан Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті жанынан, сондай-ақ Түркия мемлекетінде де ашамыз деген жоспарымыз бар», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Қор басшысының айтуынша, мұндай орталықтар Түркі тектес елдер жастарының арасында пайдалы қарым-қатынас (network) орнатып, мәдениет алмасуға ықпал етеді.

TuraNews

Back to top button