![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2023/05/kelepcelieller-780x470.jpg)
Kazinform агенттігінің хабарлауынша, олардың көшбасшысына халықаралық іздеу жарияланды.
Қырғызстанның ҰҚК мәліметінше, бұрын қозғалған қылмыстық іс аясында «Хизбут-Тахрир Әл-Ислами» діни-экстремистік ұйымының қазіргі және бұрынғы масулалары (ел бойынша көшбасшылар), қаржыгерлері мен мусоидтары (масулдың көмекшілері) ұсталды.
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/7d199d2-32a5-41f8-98c-6848cc64288c.webp)
— Ұсталған адамдардың нұсқауы бойынша «Хизбут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының мүшелері бірнеше жыл бойы Қырғыз Республикасының халқы арасында экстремистік идеологияны насихаттаумен айналысқан. Бұдан бөлек жаңа жақтаушыларды тартумен айналысып, интернетте жалған аккаунттар құрған. Сондай-ақ Қырғызстан аумағында экстремистік материалдарды басу және тарату үшін жерасты баспаханасын пайдаланған. «ХТ» ДЭО экстремистік қызметті қаржыландыру үшін республиканың барлық аймағындағы мүшелерінен ақша жинап келген. Алайда жиналған қаражатты жоғары лауазымды тұлғалар иемденіп, өз қалауы бойынша пайдаланды. Жыл сайын республика бойынша ұйым мүшелері шамамен 7-8 млн сом жинады, — делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қырғызстандық Ю.Н. Д. есімді азаматқа халықаралық іздеу жариялады. Қырғызстандағы «Қыядат» («ХТ» ДЭО штабы) өкілі 1964 жылы туған, Ош облысы Қара Суу ауылының тумасы.
Арнайы қызмет ұсынған ақпаратқа сәйкес, іздеудегі адам шетелде жүрсе де Қырғызстан аумағындағы экстремистік қызметтің жұмысын үйлестіріп отырған көрінеді. Бұл ретте ол шотына түсетін ақшаны өзі алып келеді.