БастыСаясат

Қырғызстанда бұрынғы табиғи ресурстар министрі мен оның ұлы сотталды

Қырғызстан Республикасының бұрынғы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова мен оның ұлы Кемелбек Құтмановтың мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Kazinform агенттігінің хабаралуынша, Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімі бойынша Динара Құтманова Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ұлы Кемелбек Құтманов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге жеке кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

TuraNews

Back to top button