ҚоғамТехнология

Түркияда ер адам 45 мың жылға сотталды

Онлайн-ферма ойыны арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған Мехмет Айдын 45 376 жылға сотталды.

Түркияда онлайн-ферма ойынын қаржы пирамидасы ретінде құрып, инвесторларды алдаған Мехмет Айдын 45 376 жылға сотталды.

«Тосунчук» (Толғантай) деген атпен танылған Айдын ойыншыларды виртуалды сиырлар мен жабдықтарды сатып алуға көндіріп, кейіннен олардың ақшасын жымқырған.

2018 жылдың басында ақшаның бір бөлігін алып шетелге қашып кеткен Айдын, үш жылдан астам уақыт іздеуде болғаннан кейін 2021 жылдың ортасында Бразилияда билікке өз еркімен беріліп, Түркияға экстрадицияланды

2016 жылы құрылған ойын 2018 жылдың басында жабылған. Сот процесі айыпталушыларға қарсы 2019 жылы басталды.

TuraNews

Back to top button