
Брифинг барысында Каролин Левитт Байден әкімшілігін «ақымақтық» үшін айыптап, ол Гватемалада жыныс ауыстыру отасына 2 млн доллар жұмсағанын мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.
Бұдан бөлек, Байден президенттігі кезінде АҚШ Ирактағы «Сезам көшесі» жаңа шоуына және «Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге» миллиондаған доллар бөлді.
— Ирактағы жаңа шоу құруға 20 млн доллар, ал Қазақстандағы «жалған ақпаратпен күресуге» 4,5 млн доллар бөлінді. Байден тағы 6 млн долларды Мысырдағы «туризмді қаржыландыруға» бөлген, — деді Левитт.
Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпаратпен күрес туралы айтып жатқанын түсіндірген жоқ.