Басты

Өрт қауіпсіздігі – балалық шақтан басталады

ШҚО ТЖД мамандары мектептерде сабақтар өткізуде. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр оқушыларға «өрт үйшігін» көрсетіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың және отқа немқұрайлы қараудың қаншалықты қауіпті екенін көрнекі түрде түсіндірді.

Оқушыларға өңірдегі өрт статистикасы, өрт сөндіргішті пайдалану тәсілдері және төтенше жағдайларда эвакуация жолын анықтап, дұрыс әрекет ету туралы айтылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жылу беру маусымы басталғалы бері ШҚО ТЖД мамандары облыс мектептерінде 140-қа жуық дәріс өткізіп, 8000-нан астам баланы қамтыған интерактивті сабақтар ұйымдастырды.

«Балаларды оқыту барысында біз шығармашылық көзқараспен қараймыз, оларды қызықтырып, ең бастысы, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауын қамтамасыз ету үшін мультфильмдер, бейнероликтер және осындай сабақ форматтарын қолданамыз», – деп атап өтті Анастасия Скляр.

Өткізілген іс-шара нәтижесінде оқушылар алған білімдерін бекітіп, қызықты әрі пайдалы жадынамаларға ие болды.

TuraNews

Back to top button