БастыСаясат

Қырғызстан мен Өзбекстан сотталғандарды өзара алмастырады

Қырғызстан мен Өзбекстан арасында сотталғандарды беру туралы келісімге 2024 жылдың 18 шілдесінде Ташкентте қол қойылған.

Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген тұлғалармен мерзімін одан әрі өтеу үшін алмасу туралы келісімді бірінші оқылымда ратификациялады. Ол сотталғандарды жазасын азаматы болып табылатын мемлекетте одан әрі өтеу үшін беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін реттейді.

Қырғызстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, қазіргі кезде Өзбекстан Республикасында 42 қырғыз азаматы, ал Қырғызстанда 98 өзбек азаматы жазасын өтеп жатыр.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button